Қостанайлық қызға ота жасалып көзіндегі оқ алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда оқ тиген қызға ота жасалып, көзіне тұрып қалған оқ алынып тасталды, деп жазады alau.kz .

Жарақат алған қыздың анасы Елена Сердечная қазір екеуі Мәскеуде екендігін жеткізген. Баланың басындағы оқты алып тастау үшін ота жасалынған. «Оқ тоттана бастаған, қызымның ауруы күшейе түсті, оған ауырсындырмайтын екпелер көмектесе алмады. Оны алып тастау жөнінде шешім қабылданды, ота 26 шілдеде жасалды, қызым 6 сағат рентген бақылауымен операция үстелінде жатты. Оқ көзге кіріп, сонда қалып қойған. Диаметрі 5 миллиметр әлдебір металдан құйылған оқ алынып тасталды», - дейді Елена Сердечная.

Олар бірнеше күннен кейін Қостанайға қайтып оралады.

Еске сала кетсек, 18 жастағы Арзул Гаджиев 2016 жылы 4 шілдеде 13 жасар қыздың көзінен атқан деп айыпталуда . Оқиға Қостанай қаласында Алтынсарин көшесінің бойындағы салынып бітпеген екі қабатты құрылыстың ішінде болған. Жігіт оқиға орнынан қашып кеткен. Ол Ресейдің Челябинск қаласында ұсталып, Қостанайға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар