Қостанайдың өнер ұжымдары ЭКСПО қонақтарын тәнті етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағындағы амфитеатрда Қостанай облысы мәдени күндерінің ашылу салтанаты өтіп, өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының гала-концерті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концерт шымылдығы қазақ және орыс аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен «Қостанай таңы» би ансамблінің орындауындағы «Мереке» хореографиялық композициясымен ашылды. Осыдан кейін Шахаризат Сейдахмет «Жайна Астана», «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Президент оркестрінің солисі Нұрболат Арзамасұлы «Қостанай», «Астана опера» театрының солисі Сүндет Байғожин «Город мой» әнін шырқады.


Мәдени шараның шымылдығы Жәнібек Жұмахан, Нұрсұлу Құснетова, Виктор Проценко, Анна Уварованың орындауындағы «Мәңгілік ел» әнмен жабылды.

Айта кетейік, осы күндері елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтуде. Бүгін аталған облыстың басшысы Архимед Мұхамбетов бастаған қостанайлық делегация көрмеге келіп, бірқатар павильонды тамашалаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар