Қостанайдың екі кентінде табиғи газ пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қостанай облысының екі кентінде табиғи газ пайда болады. Денисов ауданының Антоновка және Алчановка ауылдарында газ құбырларының желілері орнатылуда, деп хабарлайды  Alau.kz.

Алчановкадағы газ орнату бойынша жобаның құны 38 миллион теңгені құрайды. «Қазіргі таңда мердігерлер дайындау жұмыстарын жүргізуде. Нысанда екі экскаватор жұмыс істеп жатыр. Жұмыс 23 мамыр күні басталды», - деді Қостанай облысық әкімдігі Энергетика және ТКШ басқарма басшысы Алмат Исенбаев.

Алчановка кентінде келісімшарт бойынша барлық жұмыстар 15 тамызға дейін бітуі керек. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов бұл жұмыстарды 15 шілдеге дейін бітіруді тапсырды. Табиғи газге 169 нысан қосылады. Антоновка кентінде жоспар бойынша газ 20 қарашаға дейін берілуі керек. Мұндағы абоненттер саны - 500. Облыс әкімі бұл нысанды да уақытынан бұрын тапсыруды ескертті.

Айта кетейік, газды тұрғындар өз қалталарынан қостырады. Бір отбасы 200-300 мың теңге төлейді.

Соңғы жаңалықтар