Қостанайдағы Көктал ауылында тұрғын үйлер су астында қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Көктал ауылында су тасудың салдарынан тұрғын үйлерге зақым келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Facebook желісінде суға батқан үйлердің бірінің видеосы пайда болды.

Бейнероликтің авторы - судан зардап шеккен үйлердің бірінің тұрғыны камерамен бөлмелерді аралап, үйдің қаншалықты су басқанын көрсетпекші болған. Бейнематериалдағы көрініске қарағанда, үй иелері асығыс үй заттарын сақтап қалғылары келіп, столдарға және терезе алдына үйіп қойған.

Республикалық Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің осыған дейін хабарлағанындай, Қостанай облысының Қарасу ауданындағы 4 елді мекенді де су басқан.

Соңғы жаңалықтар