Қостанайдағы кентке қала мәртебесі беріліп, Тобыл деп аталмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Затобол кентінде осы елді мекенге қала мәртебесін беру және атын өзгерту мәселесіне арналған жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші мәселе бойынша жұрт бірауыздан шешім қабылдады. Екінші мәселеге орай жиналғандардың басым көпшілігі «Иә» деп дауыс берді. Еліміз картасында жаңа Тобыл қаласы пайда болмақ», - деп мәлімдеді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Болат Бекенов.

Б. Бекеновтің айтуынша, жеті күн ішінде кент әкімінің аппараты жиналыстың хаттамасын жариялауы тиіс, содан соң атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жиналыста жаңа қаланың тұрғындары құжаттарын ауыстыруына қажеттілік жоқ екені, олардың барлығының заңды күші сақталатыны айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар