Қостанайда жол ережесін бұзған мемлекеттік қызметкерлер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың, Парламент депутаттарының қатысуымен Агенттіктің Қостанай облысында көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде сыбайлас жемқорлықпен күрессу мақсатындағы «Қоғамдық обудсмен» қабылдауы жұмыс істей бастады. Мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне қатысты рейдтік шара жүргізіледі, ол қызметкерлердің адалдық дәрежесін, сонымен бірге этикалық мінез-құлықты бағалауға мүмкіндік береді. Осындай шаралардың нәтижелерін  «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов айтып берді. 

«Қостанай қаласы ІІБ көші-қон полициясы қызметкері жеке көліктерімен жол ережелерін бұзғаны анықталды. Мұндай шаралар тұрақты негізде жүргізіліп және оның жұмысына қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері тартылатын болады, - деді Т. Байғұлов. 

Соңғы жаңалықтар