Қостанайда жас жігіт 1898 жылғы «маузермен» ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының жедел қызметкерлері 22 жастағы жігіттен бір ғасырдан астам уақыт бұрын шығарылған ескі қаруды тəркіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облысының ІІД қызметкерлері жыл басынан бері 20 мыңға жуық адамды тексеріп, азаматтардан заңсыз ұстап жүрген 540 қаруды тəркілеген. Алынғандардың көбі қысқа оқпанды, газ, травматикалық қарулар. Десе де, олардың арасында тарихи қарулар да кездесіп жататын көрінеді. Мəселен, рейд өткізу кезінде  қаланың «Қостанай - 2» ауданында 22 жастағы жігіт ұсталған. Оның қолында 7.62 калибрлі тегісұңғылы «Маузер» маркалы қару болған.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қостанай облысының ІІД тəркіленген қарулар құқық қорғаушылардың қатысуымен Рудный қаласында балқытылып, жойылатынын хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар