Қостанайда Жәнібек тарханның ескерткіші ашылады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат -Тамыз айының ішінде Қостанайда Жәнібек тарханның ескерткіші ашылады. Бұл туралы бүгін елордадағы «Сәтті» мейрамханасында Қостанай мен Торғай өңірінен шыққан белгілі азаматтардың басын қосқан кездесуде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз Астананың төрінде жерлестерімізді жинап сұхбаттасып, пікір алмасу кездесуін өткізудеміз. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын жариялады. Сол мақала аясында көптеген  жобалар қабылданды. Соның бірі «Туған жер»  деп аталады. Оған сәйкес азаматтар өздерінің туып-өскен елді мекендеріне, білім алған мектептеріне көмек көрсетеді», - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Осы ретте ол өткен жылы  «Көркейген Қостанай» деген акция жариялағанын, оның аясында көптеген игі істердің атқарылғандығын айтты. Мәселен, сол жылы өңірдің қалталы азаматтарының қолдауымен ұзақ жылдары бойы құрылысы аяқталмай тұрған мешіт салынып, жамағаттың игілігіне табыс етілген.

«Биыл Тархан Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатып жатырмыз. Жақын арада, тамыз айында  тапсырамыз. Оған еліміздегі атақты академик Кенжеғали Сағадиев бастамашылық жасап, көптеген азамат қаржы жинады. Енді  сәулеті де, келбеті де қасбеті де жақсы ескерткішті тамыз айында ашамыз», - деді Қостанай облысының әкімі.
Кездесу барысында Архимед Мұхамбетов 1998-2004 жылдары Қостанай өңірін басқарған Өмірзақ Шөкеев пен 2004-2012 жылдарда әкім болған Сергей Кулагинге, сонымен қатар қарымды қаламгер Сәбит Досановқа облыстың 80 жылдық мерейтойына арналған медаль табыс етті.

Соңғы жаңалықтар