Қостанайда жаңбырдан соң такси су астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Затобольск ауылында жаңбырдың салдарынан жолаушылар мінген такси шалшықта тұрып қалды, деп жазады Alau.kz порталы оқиға куәгерлерінің сөзіне сілтеме жасай отырып.

Жексенбі күні жауған жаңбырдың әсерінен Затобольск ауылындағы Ворошилов көшесін су басып қалған. Ал жолаушылар мінген такси шалшық судан шыға алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, су көліктің ішіне дейін кіріп кеткен. Автокөлік өздігінен оталмай, шалшықтан шығуға ауыл тұрғындары көмектескен.

Соңғы жаңалықтар