Қостанайда такси жүргізушісі мен жасылға боялған қыз татуласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайдағы сотта такси жүргізушісі мен жасыл дәріге жуынған қыздың арасындағы іс татуласумен аяқталды, деп хабарлайды alau.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№2 Қостанай қалалық сотында сот отырысы кезінде тараптардың арасында татуласу туралы медиативтік келісім жасалғаны хабарланды.
«Соттың үкімімен 22 мамыр күні Мұрат Бижанов ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағы бойынша ҚР ҚК 68-бабы 1-тармағы негізінде зардап шегушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс тоқтатылды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске салайық, биыл ақпанда Қостанай полицейлері жолаушыны жасыл дәріге жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісін ұстаған еді. Осылайша, ол жол ақысын төлеуден бас тартқан қызды жазаламақ болған. Сондай-ақ, ол бұл оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Соңғы жаңалықтар