Қостанайда ресейлік тракторлар құрастырылмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы бірнеше әлеуметтік, өндірістік нысанды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың өндірістік ахуалын жақсарту үшін ашылған нысандардың ең әлеуеттісі - индустриялық аймақ. Оның ішіне бірнеше кәсіпорын құрылысы қызу жүріп жатыр. Мәселен, «Урал ЛТД» ЖШС үлкен сұраныс болған жағдайда «Кировец» тракторының 500-ге дейінгі данасын шығаруға ниетті. Серіктестік директоры Валентин Романов облыс әкімімен кездесу барысында ресейлік тракторларды құрастыру жоспары туралы айтты. Архимед Мұхамбетов те оның жоспарын құптап, инвесторлар тарапынан 1 млрд теңге бөлінген жағдайда жер учаскесі берілетінін жеткізді.

«Біз жер учаскесін бөлеміз, содан кейін сіздерге инвесторлардың тиісті қаржы құюын күтеміз. Қазірдің өзінде Индустриялық аймақта өз жобаларын жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар көп, өйткені егер олардың базасында еркін экономикалық аймақ болса, салықтық жеңілдіктерге ие. Сондықтан да ең әуелі инвестиция мәселесін шешіп алыңдар», - деді облыс әкімі.
null 

Дәл осы аймақтағы «ВЕК Қазақстан» ЖШС жеделсаты шығаратын зауыт құрылысын қолға алған. Бұл зауыттың құрылысы осы жылдың қыркүйек айында басталған еді. Жобаның жалпы құны - 2,5 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 700 жеделсаты жасап шығаруға қауқарлы. Қазірдің өзінде-ақ 105 млн теңгенің жеделсатыларына алдын ала сұраныс қабылдап қойыпты.

Облыс орталығында құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған бірқатар нысан «Әуежай» шағынауданында ірге көтермек. Нақтылап айтқанда, таяу арада спорт кешендері пайдалануға беріледі. Мұнымен қоса, 900 орынға шақталған орта мектеп салыну үстінде.

«Қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі «Әуежай» ықшамауданының болашағы зор, тұрғын үйлер бой түзеді. Сондықтан, бұл әлеуметтік нысандар сын мен сапаға сәйкес келу керек. Осыған мән беріңіздер», - деді Архимед Мұхамбетов құрылысшыларға.  
null null 

Соңғы жаңалықтар