Қостанайда педофил 17 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған үш қызды зорлауға әрекеттенген облыс тұрғынына қатысты сот ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдары бойынша, 40 жастағы Леонид Кравцов Первомай орта мектебінде жұмыс істеп жүргенде арсыз әрекетке барған. Музыка пәнінің мұғалімі үстіміздегі жылдың 12 маусымы күні Мәдениет үйіне үш қызды алдап әкелген. Сәлден соң 6,7 және 10 жасар үш оқушының киімдерін шеше бастаған. Алайда 10 жасар қыз бірден Мәдениет үйінен қашып кеткен. Кейін белгілі болғандай, Кравцов қыздарды пианино үйретуге және тығылмақ ойнауға шақырған. 

Сот үкімімен педофил қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК «14 жасқа дейінгі баланы зорлауға оқталу» бабы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойы педагогика саласында қызмет істеу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот төрағасы Ерлік Сералин соңғы уақытта педофилдердің пәрмен алып бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, сотта 22 жастағы Қостанай қаласының ісі қаралып жатыр. Ол КЖБИ шағынауданында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың көзінше шешінген.

Соңғы жаңалықтар