Қостанайда өрт шыққан дүкеннің жертөлесінде 8 адам қамалып қалған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанайда «Атлант» дүкенінде өрт шыққан уақытта 8 адам жертөледе  қалып қойған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінде атап өткендей, адамдар жертөледен шығатын жер болмағаннан кейін қамалып қалған.

 «Құтқарушылар есікті ашып, оларды қауіпсіз жерге шығарды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. - Сондай-ақ, құтқарушылар жертөледен 50 литрлік екі газ баллонын шығарған. Дүкеннің электрқалқан бөлмесі, асүй жиһазы, үстелдер, орындықтар, пластмасс ыдыс, есік жақтауы,  сатының ағаш конструкциялары жанған. Жалпы жалын 35 шаршы метрді шарпыды».

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында адамдар аман қалған.

Соңғы жаңалықтар