Қостанайда оқушылар тамақтанатын орындар қатаң бақыланады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қостанай облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мекемелерге 45 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір департаменттің бақылауында облыс бойынша 7823 нысан бар. Оның ішіндегі 1905 мекемеде денсаулық сақтау талаптары дұрыс сақталмаған.

«2017 жылдың 9 айында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті түрлі саладағы мекемелерге 45 513 879 теңге сомасындағы 1110 айыппұл салды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда  1,7 есеге кем. Бұған биылғы санитарлық тексеріс көлемінің күрт азаюы себеп болуы мүмкін», - деді департамент басшысы Орал Бекмағамбетов.

Оның сөзінше, бүгінде білім басқармасындағы санитарлық нормалар қайта қарауды талап етеді. Биылдан бастап оқушылардың тамақтану жүйесіне білім басқарамалары мен бөлімдері жауап береді. Айта кету керек, осы уақытқа дейін бұл іспен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қызметкерлері айналысып келген.

Жиынға қатысқан облыс әкімі мектеп оқушыларының тамақтану нормасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Негізінен мектеп асханаларын жеке кәсіпкерлер жалға алып отыр. Қазіргі кезде санитарлық тексеріс азайған соң, олар да дұрыс мән бермеуі мүмкін. Сол себепті, асханаларды сенімді фирмаларға тапсырыңыздар. Кейін мәселе туындамас үшін мұны облыстық білім басқармасы бақылауына ұстасын!» - дед Архимед Мұхамбетов.

Орал Бекмағамбетовтің айтуынша, облыста санитарлық ережелер көлемі 63-ке дейін қысқарды. Оның ішіндегі 6 ереже қайта қаралып, 29-ы толығымен өзгерді.  Жыл аяғына дейін тағы 11 санитарлық нормаға толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар