Қостанайда мүгедек спортшылар арасында бадминтоннан ҚР чемпионаты өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда мүгедек спортшылар арасында бадминтоннан республикалық чемпионат өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Чемпионат Қостанай облыстық мүгедектер спорт клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Облыстық Саңыраулар қоғамының төрағасы Владимир Ворониннің айтуынша, күшті командаларды айқындаудан басқа, чемпионатта «Ең жас спортшы», «Ең шебер спортшы», «Жеңіске деген жігер» номинацияларында жеңімпаздар анықталды. Жарыс жеңімпаздары Алматылық спортшылар болса, екінші орынды қостанайлықтар иеленді.

Соңғы жаңалықтар