Қостанайда күйік шалған ер адам қайтыс болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде 17 наурыз күні болған өрттен  19 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, бір адам ауруханаға жеткізілген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде денесінің көп бөлігін күйік шалған 48 жастағы ер адам бүгін таңертең қайтыс болды.

Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Қостанайда өрт шыққан 5 қабатты үйден 19 адам оқшау аумаққа көшірілген, соның екеуі бала еді.

Алдын ала болжам бойынша, төтенше оқиғаға темекі тұқылы себеп болған. 

Соңғы жаңалықтар