Қостанайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған саябақ ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа саяжай ашылды, деп хабарлайды alau.kz.

Саябақты ашылу рәсіміне өңір әкімі Архимед Мұхамбетов  қатысып,  қаланың гүлденуіне ат салысып жүрген 25 қостанайлықты марапаттады. Олардың арасында полиция қызметкерлері, спортшылар, дәрігерлер бар.

Жаңа саябақ бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінген. Мәселен, балалардың ойнауына арналған ойын алаңдары бой көтеріп, велосипед жолдары салынды.

Ол жерде шағын архитектуралық пішіндер, карусельдер, әткеншектер мен турниктер бар. Айнала абаттандырылып, 800-ге жуық көшет отырғызылды. Сондай-ақ, спорттық шараларды өткізуге арналған алаңдар да қарастырылған.

Жалпы саябақты салуға бірнеше жыл уақыт кеткен. Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құраған. 

Соңғы жаңалықтар