Қостанайда қоқыс жәшігінен шала туған баланың денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шала туған баланың денесі Қостанайдағы қоқыс жәшігінен табылды. Оқиға 2 тамыз күні Әскери қалашық ауданында болған, деп хабарлайды alau.kz.

«Қазір біздің ауламыздағы барлық тұрғындар тексеріліп жатыр, пәтерлерді аралап, үйінде жатқан жүкті әйелдер жайлы сұрастырылды. Осының бәрі жаныңды түршіктіреді», - дейді аудан тұрғыны Татьяна Нечаева.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған деректі растады. Қазір полиция қызметкерлері баланың ата-анасын іздестіріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар