Қостанайда дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Фармацевтика өкілдері мен облыстық әкімдіктің өзара ынтымақтастық туралы меморандумының нәтижесінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз қымбаттауы анықталған жоқ. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы Сәуле Ержанованың сөзінше, облыс бойынша бүгінде медициналық және фармацевтикалық бұйымдарды сату және таратумен айналысатын 660 мекеме бар. Оның ішінде 318-і - дәріхана.

 «Фармация департаменті жыл басынан бері 28 тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде фармацевтикалық қызметті атқаруға лицензиясы жоқ және дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзған екі медициналық ұйымға әкімшілік шара қолданылды.  Көтерме және бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларға тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарын енгізуде ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді.  Облыста халықаралық талаптар жүйесіне 297 дәріхана мен 28 дәріхана қоймасын көшіру көзделген», - деді басқарма басшысы.

null

Дәріханаларда халықтың әлеуметтік осал топтарына 3-тен 30 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, осы күнге дейін фармацевтермен жасалған  меморандумға сәйкес 105 дәрілік заттың бағасы қымбаттамаған. Мысалы, «Биосфера» дәріханасында «Леваризин» таблеткасы 840 теңге тұрады. Ал, «Цветная» жеке дәріханасында бұл дәрінің бағасы - 845 теңге.

Өңір басшысы осы қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісім талаптарының болашақта бұзылмау керектігін айтты.

«Екі тараптың келісімі бойынша облыстағы дәрі сататын орындар бағаны асырмайды. Мәселен, мукалтин дәрісінің бір қорабы 300 теңгеден аспайды», - деді Сәуле Ержанова.

null

Соңғы жаңалықтар