Қостанайда бұрынғы шұға-жүн иіру зауыты өртенді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың КСК шағын ауданындағы бұрынғы шұға-жүн иіру зауыты өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтемемен.

Оқиға 11 қазан күні болған. Облыстық ТЖД кезекші бөліміне сағат 19.02 кезінде хабарлама келіп түседі. Арнайы өрт сөндіру бөлімінің 6 өрт сөндірушісі мен 2 техникасы жұмылдырылды.

«Бос тұрған бұрынғы шұға-жүн иіру зауытындағы құрылыс материалдарының қалдығы тұтанған. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрайды. Ғимарат жанындағы 3 қабатты жатақханадағы 210 адам құтқарылды. Оның 40-ы - балалар», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сол мезетте өрт орын алған жерге полицейлер де келіп жеткен. Қызыл жалын 21.04-те ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар