Қостанайда бірнеше жол мен аудандарды су басты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайда бірнеше жол мен аудандарды су басты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Мамандар таңертеңнен бері әуежайға баратын жолдағы суларды айдаумен айналысуда. Еріген қар суы теміржол көпірінің астындағы жолды басып қалды. Су мөлшерінің көп болғаны соншалық, жолды жабуға тура келген. Дәл осындай жағдай Қарбышев-Мәуленов көшелеріндегі көпірдің астында орын алды.

Батыс мөлтекауданындағы тек көлік жүретін аумақты емес, жаяу жолды да су шайып кеткен. Автокөлік иелері мен қоғамдық көлік жолаушыларына қиындық тудыруда. Қала маңындағы «Текстильщик» бақша қоғамындағы бірнеше үйлердегі адамдар эвакуацияланды. Құтқарушылар мен коммуналдық қызмет өкілдері Қостанайдағы Достық кентіндегі тасыған суды айдаумен айналысты.

Ертеңнен бастап Қостанай облысында ауа температурасы күрт жоғарылайды. Синоптиктер облыстың оңтүстігінде 20 градусқа дейін күн жылынып, облыс орталығында - 15 градусқа дейін көтеріледі деп болжауда. Апта соңында жауын-шашын болып, ауа температурасы аздап төмендейді. Бірақ бұл ауа райына антициклон әсер етіп, 20 градусқа дейін жылынады.

Соңғы жаңалықтар