Қостанайда бір жасар нәресте 4-қабаттан құлап мерт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бір жасар бала қонақ үйдің төртінші қабатынан құлап, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 21 қазан күні кешке қаладағы қонақ үйлердің бірінде болған. Бір жасар баланың төртінші қабаттан төмендегі сатыға құлағаны белгілі болды.

Ол бас сүйек-ми жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ауыр дене жарақаттары салдарынан ес жимай, жан тəсілім етті.

Аурухана басшылығы ресми хабарлама жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар