Қостанайда ауыл жастарының форумы өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының Сарыкөл ауылында «Жастар. Ауыл. Жаңғыру» атты ауыл жастарының форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс-шараға облысқа қарасты әр ауданнан келген белсенді жастар қатысты. Жобаның мақсаты -  ауылдың гүлденуіне түрлі салада үлес қосып жүрген жас мамандарды одан ары шабыттандыра түсіп, еңбек жолдарына бағыт-бағдар көрсету. Форум барысында білікті сарапшылар 300 жасқа семинар өткізді. Басты ұйымдастырушылар - Қостанай облысы жастар ісі орталығы мамандарының айтуынша, мұндай форум жастардың кәсіби түрде өсуіне, өмірлік ұстанымдарына бағыт көрсетуге мүмкіндік береді.

«Бұл форум  өткізілген өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен еңбекке баулиды. Облысқа ғана емес, елімізге танымал сарапшылар өздерінің өмір жолы, қызметі туралы мәлімет береді. Елбасымыз елдің болашағы жастардың еншісінде екенін әрдайым айтып жүреді. Келешегіміз кемел болуы үшін де осындай шаралар жалғаса береді», - деді ұйымдастыру алқасының мүшесі, «100 жаңа есім» жобасының үміткері Арман Есмағамбетов.

Ауыл жастарының форумында «Біздің заманымыздың мақтаныштары» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Қатысушылар еңбек ардагелерімен кездесу мүмкіндігіне ие болды. 

«Тарихта талай ауыр кезеңдер болған. Шет жағасын өзіміз де көрдік. Сол кездерде аянбай жұмыс істеп, облыс атағын асқақтаттық. Міне, сол үшін де еңбегемізі еленді. Барлығы адамның өз қолында. Қазіргі кезде еңбек етемін деген жастарға ешкім кедергі келтірмейді. Мемлекет те соған жағдай жасап отыр, - деді Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов.

Форум соңында үздік жас мамандар өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің алғыс хаттарына ие болады.

Соңғы жаңалықтар