Қостанай тұрғыны ер адамға пышақ салған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Əулиекөл ауданында ер адамға пышақ салған қостанайлыққа қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі растады. Құсмұрын ауылының тұрғыны Калинин көшесіндегі дүкен жанында ер адамға пышақ ала жүгірген.

«Тараптардың өзара келіспеушіліктері салдарынан ол жəбірленушінің кеуде тұсынан пышақпен ұрған. Кейін белгілі болғандай, оның кеудесіне жарақат салынған», - делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарламасында.

Осы факт бойынша ҚР ҚК «Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар