Қостанай облысының тұрғыны полицияға 19 ғасырда жасалған мылтық тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тұрғыны  полицейлерге көне қару тапсырып, елу мың теңге алды, деп хабарлайды astanatv.kz. 

Ол ескі мылтықты бұзылған үйден тауып алған екен. 19 ғасырда жасалған көне жәдігер енді Ішкі істер департаментінің мұражайына қойылмақ. «Мылтық 1863 жылы Ресейдегі Тула қару-жарақ зауытында жасалған. Көне  қаруды енді департаменттің музейіне жолдаймыз»,-дейді Қостанай облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Абзал Болатов.

Қару акциясы аясында  аймақ  полицейлері 118 қару сатып алған. Өңір тұрғындары өз еркімен  жүзден аса тегіс ұңғылы және 14 шолақ мылтық тапсырыпты. Бұл шараға  биыл республикалық қазынадан 5 миллион 336 мың теңге бөлінген. Қазір қаражат түгел игерілді. Енді қару-жарақты тегін қабылдаймыз, - дейді тәртіп сақшылары.

 

Соңғы жаңалықтар