Қостанай облысының бес ауданында жылқылардан қауіпті вирус табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының бес ауданында жылқылар зардап шегетін жұқпалы аурудың өршігені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бүгін Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай хабарлағандай, бұл қауіпті жұқпалы ауру «биелерді аборт жасауға әкеліп соқтыруда». Бұл қауіпті ауру буаз билердің 90 пайызында кездескен. Жергілікті мал зертханалары анықтаған «ринопневмония» диагнозын Ұлттық ветеринария бойынша референт орталығы бекітті.

Қайыпбайдың айтуынша, қауіпті вирустық аурудың өршуі облыстың бес ауданында - Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Қостанай және Меңдіқара аудандарында тіркелген.

Берікжан Қайыпбай ринопневмонияның соңғы жылдардағы жылқышылықтың дамуына кері әсерін тигізіп, жылқылар санын азайтуға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар