Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге бір айдың ішінде шығындары төленеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жексенбіде Қарасу ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңір басшысы бірнеше елді мекендерде болып, жергілікті билік өкілдері және тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынынан мүлкіне зақым келген ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Мұхамбетовтің айтуынша, көмек барлық тұрғындарға көрсетіледі және ешкім ескерусіз қалмайды.  Әкімнің пікірінше, қазіргі таңда зардап шегушілердің кейбірі меншік құжаттарын өткізбегендігі кедергі келтіруде: зардап шегушілердің бірінде жылжымайтын мүлік құжаты реттелген тәртіпте рәсімделмесе, енді бірінің төрт түлік малы тіркелмеген.

Сонымен қатар, қажетті дәлелдер болған жағдайда, рәсімделмеген мүліктің залалы демеушілер мен қайырымдық жасаушылардың қаржысы есебінен өтеледі. Адамдар белгіленген ретпен бюджеттен өтемақы алады. Демеушілік қаржы 5 мамырға дейін, ал бюджеттік қаражат - 20 мамырға дейін бөлінеді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқынынан келтірілген залалдың алдын ала құны шамамен 200 млн теңгені құрайды. Қалпына келтіру жұмыстарының сомасын арнайы комиссия анықтайды.

«Біз үздіксіз жұмыс жасап жатырмыз, жағдай өз бақылауымызда», - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов. 

Соңғы жаңалықтар