Қостанай облысында су тасқыны шығынын есептеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір су тасқыны салдарымен өзі күресе алады деп санайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әкімнің пікірінше, шығынды алдын ала бағалау шамамен 200 млн теңгені құрады.

Өңір басшысы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында су тасқынына баға берді. Ол шығынды есептеумен екі комиссия айналысып жатқанын хабарлады, біреуі  тұрғын үй қоры жағдайын, екіншісі  мал жоғалтудан тұрғындарға келген шығынды тексереді.

«Комиссия жедел жұмыс істейді. Олардың міндеттері көп, - деді әкім. - Соңғы бірнеше күнде комиссия 10 елді мекенге барды. Жөндеуге мұқтаж 12 үй, сүрілуге жататын 5 үй анықталды».

Облыс басшысы шығынның орнын толтыру құжаттарды тыңғылықты тексерумен жүзеге асатынын атап өтті.

«17 ірі қара мал, 74 ұсақ мал, 200-ден астам шошқа, 600-дей үй құстары өлген, деді әкім. - Жалпы шығын 7 млн 300 мың теңгені құрайды. Оның орны толтырылады».

«Тұрақты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жағдай бақылауда», - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар