Қостанай облысында шалғайдағы ауылға ауыз су тартылды

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кезекті нысан ел игілігіне берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тәуелсіздік күні пайдалануға берілген келесі нысан - Жітіқара ауданының Ырсай ауылындағы ауыз су құбыры желісі. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Арxимед Мұxамбетов ауыз суға 170 отбасының қолы жеткенін айтты.
null 

«Жаңадан іске қосылып жатқан ауыз су құбыры желісі сіздердің көптен күткен армандарыңыз еді. Ал мұның ашылуы Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы мерекеге тарту деп қабылдаңыздар», - деді Архимед Мұхамбетов.

«ЖітіқараКоммунЭнерго» мекемесінің директоры Мырзабай Ерекеновтің айтуынша, ауыз су құбыры желісін салуға ұлттық қордан 270,9 млн теңге бөлінген. Биыл сол қаражаттың 244,6 млн теңгесі игеріліп отыр. Құбырдың жалпы ұзындығы - 13,7 шақырым. Оның 10 шақырымы магистральдық желі, ал 3,7 шақырымы су таратушы бөліктен тұрады. Барлық құрылыс жұмыстарын қостанайлық мердігер атқарған.
null null 

Соңғы жаңалықтар