Қостанай облысында қаза тапқан үш адамның су тасқынына қатысы жоқ - ІІД

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында үш адам суға батып кетті, алайда ресми тұлғалар олардың өлімін су тасқынымен байланыстырмай отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірінші жағдай 10 сәуір күні Арқалық қалалық ІІБ мен ТЖ департаментінің қызметкерлері Мирный ауылынан 4 шақырым жердегі егістіктегі арықтан екі тұрғынның мүрдесі жатқан автомобильді тапты.

«Қаза тапқандар 1962 жылғы Мирное ауылы мен 1970 жылғы Северный кентінің тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. - Сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші мен жолаушылар ауа райына қарамастан, егістік жолмен жүріп келе жатқан».

Екінші факті 17 сәуір күні Қарасу ауданы Восток кентінде тіркелді. 58 жастағы ер кісі аспалы көпірмен келе жатып, оның үзіліп кетуі салдарынан суға құлап, ағып кеткен. Қазіргі таңда оның денесі Қарасу өзенінен іздестірілуде.

«Полицейлер екі фактіні де қайғылы жағдай деп тіркеді. Бұл оқиғалардың су тасқынына ешқандай қатысы жоқ», - деп атап өтті Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар