Қостанай облысында екі жол қалпына келтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы су тасқыны Қостанай өңіріндегі облыстық маңызы бар төрт жолды жырып кеткен. Қазіргі таңда соның екеуінде қатынас қалпына келтірілді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ал Әулиекөл-Диев бағытында айналма жол салынып жатыр. Сондай-ақ, бүгін Ресеймен шекаралас Жел-қуар өткізу қосыны аумағында су деңгейі күрт көтеріліп, жол бойындағы құбырларды бұзып кеткен. Соның салдарынан көрші елге барар бағытта жүріп-тұруға шектеу қойылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары «Жел-қуардағы жағдай екі-үш күнде қалпына келтіріледі» - деп отыр. Олардың айтуынша, мұндай келеңсіз оқиға бұған дейін де болған.

«Ол жерге уақытша құбырлар орнатылады. Судың өтуін қамтамасыз ететін басқарманың жоспары бойынша ол жерге шағын көпір салынатын болады», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім жетекшісі Аслан Ахметжанов.

 

Соңғы жаңалықтар