Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі мектеп лицензиясыз жұмыс істеген, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасов хабарлаған.

Таран ауданы Смайловск орта мектебінде мүлде лицензия болмаған, ал Қостанай ауданы Алтынсарин орта мектебінде жалпы орта білім беру дәрежесі бойынша лицензияға қосымша болмаған.

«Таран аудандық сотының шешімімен Смайловск орта мектебі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлім етті Орал Қаппасов. - Нәтижесінде мектеп 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі».

Облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Орал Қаппасовтың айтуынша, соңғы 5 жылда өңірдегі мектеп саны 10 пайызға қысқарған: 55 бастауыш және орта білім беру мекемесі өз лицензиясының және оның қосымшасының тоқтатылуын өтініп өтініш жазған. 2 мектептің лицензиясы сот шешімімен тоқтатылған. Олар: Федоров ауданы Владыкин ауылы мектебі және Таран ауданы Смайловск орта мектебі.

 

Соңғы жаңалықтар