Қостанай облысында баласы бар ер кісі тасқын судан трактордың үстіне мініп аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны 9 жасар баласымен арнасынан тасыған өзеннің ортасындағы жүрмейтін трактордың үстіне шығып, қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының атына Наурызым ауданы Қарамеңді ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Ол хатта Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлеріне өзінің ризашылығын білдірген. «Біз Терек кордонынан Қарамеңді ауылындағы үйімізге қайтып келе жаттық. Данабике өзенінен өтіп бара жатқанымызда МТЗ-82 тракторы істен шығып, өшіп қалды. Судың деңгейі көтеріле бастады. Біз трактордың үстіне шығып, «102» нөміріне қоңырау шалып, көмек күттік. Құтқарушылар қайықпен келіп, өмірімізді сақтап қалды», - деп жазды Тұрғын Рахметов.

«Біздің өмірімізге қатты қауіп төнді: түн, су салқын. Бізді қорықтың тракторымен алып кетіп, жылы киімдер берді. Сіздерге көп рахмет және мықты денсаулық, бақыт тілеймін», - деп ыстық лебізін білдірді ол.

Бұрын хабарланғандай, Қостанай облысында төрт елді мекенді су алды. 

Соңғы жаңалықтар