Қостанай облысында 125 млрд теңгенің 80 жобасы іске асырылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бері Қостанай облысында 125 млрд теңгенің 80 жобасы іске асырылды. Бұл туралы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Конституция күніне орай өткен мерекелік шара барысында өңірлік мəслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов,  танымал ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.  

«Аз ғана уақыттың ішінде елімізді бүкіл әлем таныды. Біз мықты экономика құрдық. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелігіне ену мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі - мұның анық айғағы. Құқықтық саланың дұрыс жолға қойылуы - ел дамуының басты көрсеткіші. Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік орны бар. Оған қостанайлықтардың қосып отырған үлесі сүбелі - бізде  индустриалды-инновациялық алаң құрылды. Шағын жəне орта бизнесті қолдаушылар көбейді. Жыл басынан есептегенде өндіріс өнімдері 15%-ға артты, оған қоса 314 тонна ұн экспортталды. Кондитерлік өнім өндіру бойынша да мақтанарлық көрсеткіштеріміз бар. 2010 жылдан бастап құны 125 млрд теңгені құрайтын ірі-ірі 80 жоба іске асырылды. Алдағы жылы 1901 жұмыс орны ашылмақ. Біздің басты құндылығымыз - адам капиталы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл нақты көрсетілген. Шүкір, бейбіт өмір сүрудеміз. Жоғарыда аталғандардың барлығы Конституциядағы баптар мен бағыттарға негізделген. Барлықтарыңызды ұлық мерекемен құттықтаймын!», - деді ол.

Мәслихат хатшысының сөзінен соң өнер шеберлерінің мерекелік тартуы ұсынылды. Серік Əбілев, Манапбек Қадыров, «Бəйтерек» тобы және басқа да өнерпаздар барша қостанайлықтарды мерекемен құттықтады. Филармонияның камералық оркестрі мен бір топ күйшіні көрермендер сахнадан ду-қол шапалақпен шығарып салды. Шара соңы Президент оркестрінің әншісі Нұрболат Арзамастың шығармашылық концертіне ұласты.

  

Батыр Жолайұлы

Соңғы жаңалықтар