Қош бол, Саппоро! Азиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындары өз мәресіне жетіп, ресми түрде жабылу рәсімі өтті деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы қазақстандықтар үшін Азиада ойындары сәтті аяқталды. Қоржынымызға жалпы 32 медаль түсті. Оның 9-ы алтын,  11-і күміс, 12-сі қола медаль.

Жалпы командалық есепте Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдан кейін төртінші орында жайғастық.

null  

Бүгін Азиадада өнер көрсеткен спортшыларымыз Саппородан елге аттанады.

Естеріңізге сала кетейік, жалпы есепте бірінші орынды Азиада ойындарын ұйымдастырған Жапония елінің өкілдері жеңіп алды. Олардың еншісінде 74 медаль (27 алтын 21 күміс, 26 қола) бар. Екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары қанжығасына байлады. Олардың қоржынында 50 медаль (16 алтын, 18 күміс, 16 қола) бар.

Ал үздік үштіктен көрінген Қытай елінің қоржынында жалпы 33 медаль (12 алтын, 14 күміс, 9 қола) бар. Ал медаль алған елдер арасында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстаннан бөлек бір мемлекет бар. Ол Солтүстік Корея. Олардың еншісінде жалғыз қола медаль.

null  

Жалпы VIII қысқы Азиада ойындарына 29 мемлекет спортшылары 64 медальдар жиынтығын сарапқа салды.

Соңғы жаңалықтар