Кореялық компания қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға қолдау көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчанда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Корея тұрғындары қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға ерекше қолдау көрсетті. 

Бұл туралы ҚазАқпарат  New York Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

21 ақпан күні мұз алаңына қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар  - Элизабет Тұрынбаева мен Айза Мамбекова шыққанда, Қазақстанның туын ұстаған жетпіске жуық адам өре түрегеліп, қарсы алған.

New York Times сайтының хабарлауынша, айрықша шаттанған жанкүйерлер Sigong Tech компаниясында жұмыс істейтін Оңтүстік Корея азаматтары болып шықты. Өткен жылы бұл компания Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде павильон жобалаумен айналысқан екен.

Компания менеджері Ха Юн-суннің айтуынша, ол 70-ке жуық Қазақстан жалаушаларына тапсырыс беріп, 30 әріптесін ертіп, жарысқа барған. Қалған жалаушаларды жарыс өтіп жатқан Каннын мұз сарайының өзге келушілеріне таратып берген.

Sigong Tech қызметкері EXPO-да павильон жобалауға мүмкіндік берген елдің спортшыларына осылайша қолдау білдіргісі келген.

«Көпшілігі АҚШ-ты біледі, бірақ Қазақстанды білмейді. Біз өз әрекетімізбен қазақстандық спортшылардың көңілін серпілткіміз келді», дейді Ха Юн-сун.

Басты фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар