Кооперативтер құру еңбек өнімділігін арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді экономикалық тұрғыда біріктіру ең алдымен еңбек өнімділігін арттырады. Өткізетін тауар мол болса, өнімге сұраныс тұрақталады, өндіріс қуаты тиімді пайдаланылып, шығын азаяды, маркетингтік ақпаратқа қол жеткізіледі. Ең бастысы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Осыған байланысты, Елбасы тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына кооперативтерді кең көлемде қолдау және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл шаруашы¬лығы өнімін өндірушіден тұтынушыға дейін ілгерілету процесінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әртүрлі салаларында, мәселен, ет, сүт, көкөніс-жеміс, мақта шаруашылығы, май, тоң май және басқа да салаларда құрылатын болады. Кооперативтерді қалыптастыру кезінде ауыл шаруашылығы өнімінің, шикізатының, азық-түліктің жекелеген түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін және олардың нарықтарын ескеру қажет.

Ет және сүт нарығында кооперативтер құру өнімнің тез бұзылу сипаты, жеке қосалқы және шаруа қожалықтарында мал басының және өнім өндірісінің жоғары үлесі, мал басының төмен шоғырлануы, азықтық базаға тәуелділіктің жоғары болуы сияқты факторлардың ықпалында болады.

Картоп және жеміс-көкөніс нарығында өткізу жүйесі оның жекелеген түрлерін (жылу сүйетін көкөністер мен жемістер, ерте пісетін өнім) ел аумағы бойынша, негізгі көлемді қала маңы аймағында мамандандырылған ірі ұжымдық кәсіпорындар мен жылыжай шаруашылығы болған жағдайда халық шаруашылықтарында оқшау өндіру, өнімнің тез бұзылатын көлемдік сипаты, маусымдылық және уақыт бойынша тұрақты тұтыну, баламалы өнім түрлері - кептірілген, мұздатылған, консервіленген өнімдердің, оның ішінде шырындардың болуы сияқты факторлардың әсерінен қалыптасады. Бұл факторлар оның жекелеген түрлерін жылдам өткізуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру кезінде өнімді қайта өңдеу бойынша қолда бар өндірістік қуаттылықтар барынша жұмылдырылатын болады. Қайта өңдеуші кәсіпорындары жоқ аудандар аумағында жаңа қуаттылықтарды салу кезінде қайта өңделетін ауыл шаруашылығы өнімінің ерекшеліктерін - масса бірлігіндегі көліктік шығындарды, капитал сыйымдылығын, шикізаттың ықтимал көлемін және келіп түсу маусымдылығын ескерген жөн.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауыл шар-уашылығы кооперативтері үшін қажетті инфрақұры-лыммен қамтамасыз етуде (жер учаскелері: оның ішінде азық дайындау, базарлардағы сауда орындары, мал сою пункттері, қажетті коммуникациялар үшін) жәрдем көрсетілетін болады. Бұдан басқа қайта өңдеуші кәсіпорындармен жеткізу шарттарын жасасу, бизнес жоспарлар құру мен кредит алуға құжаттар жинауды қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, ветеринариялық қызметтер тарапынан кооперативтердегі қауіпсіз эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетіледі. Кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және бастапқы қайта өңдеу, сервистік және кредиттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде қаржылық және қаржылық емес сипаттағы шаралар қолданылатын болады.

Экспорттық саясат өнімді әлеуетті өткізу нарықтарына ілгерілетуді мақсатты түрде қолдау негізінде жүргізілетін болады. Осы мақсаттар үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның өз қаражаты есебінен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ «ҚазАгроКепіл» АҚ-мен және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз іс-қимылда агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық орталығы рөлін атқарады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар