Кооперативке біріккен оңтүстікқазақстандық шаруалар табыстарын еселеп жатыр

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативке біріккен шаруалар табыстарын еселеп жатыр. Бүгінде «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы 10 кооперативті қаржыландыруда, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шаруалар үшін кооперативке бірігудің тиімділігі орасан екенін айтқан орталық мамандары Арыс қаласында болды. Тұрғындарды тың бастама бойынша мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктерден хабардар етті. Мәселен, кәсібін субсидиялап, несиелеуде тұрғындарға жеңілдіктер жетерлік.

Сала мамандарының сөзінше, «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы жыл басынан бері 16 кооперативті құруға күш салған. Бұл мақсатқа 279 млн теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ орталық кәсіп ашамын дегендерге мол мүмкіндік ұсынып отыр. Бүгінде кооперативтердің кепілдемесіз, жеңілдетілген несиелер алуына жағдай жасалған. Қаржыландыру мекемесінің көмегімен қазіргі таңда 10 кооперативке 290 млн тенге бөлінген. Ал Шымкент қаласында біріккен 4 шаруа қожалыққа қолдау көрсету мақсатында 61 млн теңге қаралып отыр. Бұдан бөлек, 2 сүт тасымалдау автокөлігі алынып, 2 сүт қабылдау бекеті мен 3 өңдеу цехы және  мал сою бекеті жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар