Конституциялық реформа қоғамдағы келісімді нығайтады- сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ufoq News» халықаралық ақпарат агенттігінің жетекшісі Мұхаммад Махди Нури Қазақстандағы конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан 25 жылдық тәуелсіз дамудан кейінгі қазіргі заманғы кезеңде Президенттің бірқатар өкілеттігін Үкіметке беру және Парламент рөлін күшейту арқылы демократиялық жаңарудың жаңа сатысына шығып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау дана шешімі Үкімет жұмысының тиімділігін арттырып, қоғамдағы келісімің нығаюына септігін тигізетін болады. Қазақстан шетелідк инвесторлар үшін Орталық Азиядағы барынша тартымды мемлекет саналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылу үстінде. Сондықтан таяу болашақта Қазақстанның әлемнің барынша өсіп-өркендеген 30 елінің қатарына қосыларына сенімім мол», - деді Мұхаммад Махди Нури.

Оның атап өтуінше, Қазақстан басшылығының әлемнің дамыған көптеген елдерінде қабылданған демократиялық нормаларға сәйкес саяси жүйені реформалау шешімі -барынша ең жоғары бағаға лайқыты прогрессивті қадам саналады.

«Қазақстан жемқорлықпен күрестің тиімді шараларын қабылдап, сот жүйесін жетілдіріп жатқандығы барлығына да белгілі жайт. Меніңше, Қазақстан Президентінің Жолдауы демократиялық дамуға, әл-ауқат пен экономикалық өсімге ұмтылып отырған ауған халқы үшін де үлгі бола алады», - деді «Ufoq News» халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы.

Айта кетейік, кеше, 6 наурыз күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар