Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54
Конституцияны қастерлеу - әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы АСТАНА. ҚазАқпарат - Ежелден белгілі қағидат бар - заңдылық сақталған жерде ғана тұрақтылық пен орнықты даму болады. Заңдылық сақталмайтын, конституциялық өзегі солқылдақ мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Тіпті қазақтың ұлы даласында ықылым заманнан хандықтың сақталып келуі, содан барып бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сол бір кездегі дала заңдарының беріктігі негізінде ғана орын алды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» хандық ішіндегі тәртіпті бекемдеп қана қойған жоқ, мемлекеттілікті нығайтты, елдіктің өміршеңдігін танытты. Яғни, қазақ тарихындағы хандар заманында қазақ қауымдастығының дамып, өрлеуі де негізінен заңдылықты сақтаудың арқасында ғана мүмкін болған. Бір кездері бұл солай болса, бүгінгі шапшаң өзгеріске ұшырап жатқан ғасырда конституциялық қағидаттарды берік ұстану дамудың бірден-бір кепіліне айналып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның өз ұстанымын бекітіп, болашағын айқындаған 1995 жылғы Конституция елдік тарихымыздың жаңа парағына айналды десе де болады.
ары қарай