Конфедерация кубогының жартылай финалы: Чили Португалияны ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Конфедерация кубогының жартылай финалында Чили құрамасы Португалияны жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Лента.ру» -ға сілтеме жасап.

Кездесу сәрсенбі, 28 маусым күні Қазанда өтті және пенальти серияларында 3:0 есебімен аяқталды. Негізгі және қосымша уақыттар 0:0 есебімен өтті.

Осылайша, Чили құрамасы Конфедерация кубогының алғашқы финалисі болды. Жартылай финалдық өзге матчта Мексика құрамасы Германиямен ойнайды. Кездесу 29 маусым күні Сочиде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар