Конфедерация кубогы ойнатқан автокөлікті таеквондошы қыз ұтып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Конфедерация кубогы барысында көрермендер арасында ұтыс лотореясы ойнатылып, бас жүлде «Киа-Рио» автокөлігін алматылық Бану Мансұрова жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бану Мансұрова таеквондо спортымен айналысады.  

Еске салайық, 3-4 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жартылай финалдық және ақтық кезеңдері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Турнир тұңғыш рет бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо және таеквондодан бірлескен командалық жарыс ретінде өткізілді. Оның жалпы жүлде қоры 125 млн теңгеден астамды құрады. 

Соңғы жаңалықтар