Конфедерация кубогы: Грек-рим және еркін күрестен жеңімпаздар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Конфедерация кубогының ақтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Грек-рим күресінде шешуші айқаста Алматы мен Жамбыл облыстарының спортшылары кездесті. Нәтижесінде, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев бастаған Алматы облысының палуандары 5:1 есебімен жеңіске жетті.


Ал еркін күрес бойынша ақтық сайыста Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының спортшылары күш сынасты. Жеңіс 5:1 есебімен басым түскен Алматы облысының еншісінде.

Турнир тұңғыш рет бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо және таеквондодан бірлескен командалық жарыс ретінде өткізілді. Оның жалпы жүлде қоры 125 млн теңгеден астамды құрады. 

Фото: sports.kz 

Соңғы жаңалықтар