Колумбияда үш тәулік қаралы күн болып жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гуатапе (Колумбия) мэрі Марлени Гарсиа Оспина серуендеуге арналған кеме апатына байланысты үш күнді қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды әлемдік БАҚ. 

Бұған дейін тоғыз адамның қаза тапқандығы, 28 адамның із-түссіз жоғалып кеткендігі және кеменің қирауы барысында 100-ден астам жолаушының құтқарылғандығы жайлы мәлімет берілген болатын.

Айта кетейік, 25 маусым күні Колумбияның солтүстігінде 150-ден астам туристі бар серуен кемесі апатқа ұшыраған. 

Соңғы жаңалықтар