Қолтырауынның итке жақындаған үрейлі сәті видеоға түсіп қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорқынышты видеоны Флориданың 37 жастағы тұрғыны Корина Кокс кездейсоқ түсіріп алған.

 Әйел су тасқынынан кейін иті Покиді серуендеуге алып шығып, суда жүзіп жүргенін видеоға түсіріп алмақ болады, деп хабарлайды Daily Mail.

Алғашында Корина суда жүрген Покиден басқа жануарды аңдамайды. Қолтырауын итке жақын келгенде ғана оған шын қатер төнгенін байқайды.

«Оның қасында пайда болған аллигаторды көргенімде итімнің қарғы бауын барынша тарттым. Қорыққаным соншалық, аяғым қалтырап жүре алмай қалдым», - дейді әйел.

Бақытқа орай, ит те, әйел де зардап шекпеген. Бірақ қолтырауын тағы бір сағаттай Покидің суға қайта оралуын аңдып жүрген. 

Соңғы жаңалықтар