Көлікке «Ш» белгісін жапсырудың қажеті жоқ - Алтынбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенаттағы парламенттік тыңдауда сенатор Мұхтар Алтынбаев шегесі бар дөңгелектердің «Ш» белгісін мүлдем алып тастау керектігін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдырлы шегесі бар дөңгелектердің «Ш» белгісіне қатысты интернетте талқылаулар болғаны белгілі. Менің ойымша, «Ш» белгісін жапсырудың қажет жоқ. Ертеректе автокөлік аз болған кезде, яғни біреуде шегесі бар дөңгелектер қойылса, бұл бір дәулетті адам ретінде көрінетін. Сондықтан сол кезде бұдырлы шегеден қауіптену тұрғысында «Ш» белгісі қойылуы қажет болған шығар. Ал қазір барлығында 100 пайыз осында дөңгелектер тағылған және «Ш» белгісін жапсырудың қажеті де жоқ секілд»,-деп тоқталды сенатор.

«Жаз мезгілінде «Ш» белгісін алып тастау қажет пе?» деген сауал туындайды. Бұл белгіні көліктің артқы әйнегінен алып тастасақ, терезеден көру мүмкіндігі кеңейеді. Мәселен, көлікке жаңадан үйреніп жүргенде «У» белгісін, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жүргізушінің белгісін, «KZ» және «Ш» белгісін және басқаларын жапсыра берген кезде артқы терезе толықтай жабылып қалады»,-деді Мұхтар Алтынбаев.

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов бұдырлы шегесі бар дөңгелектерді шешкен кезде «Ш» белгісін де алып тастау керектігін айтты.

«Қажет деп санасаңыздар, тағы да талқылайық»,-деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев жазғы дөңгелекке ауыстырылған көлікте «Ш» белгісінің болуы құқық бұзушылық екенін мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар