Көлігіне сексеуіл тиеген екі азамат 5 жылға сотталуы мүмкін - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция саласының қызметкерлері облыс көлемінде экологиялық қылмыстарға қарсы күрес бағытында рейтік іс-шаралар жүргізді.

 Шара барысында 2017 жылдың қаңтар айының 16-сы күні сағат 10.20 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданында 1988 жылы туылған азаматтың басқаруындағы «Зил-57» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүксалғышына тиелген сексеуіл табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар, 15.01.2017 жылы сағат 17:00 шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Бесарық ауылының кіреберісінде ГАЗ-53 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барасында автокөліктің жүк салғышына тиелген  сексеуіл ағашы алынды.

Аталған 2 дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы 1-бөліктерімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру  амалдары жүргізілуде.

Егер де күдікті азаматтардың кінәсі дәлелденген жағдайда, олар екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

Соңғы жаңалықтар