Көктем-2017: Тасқын суға аймақтар қалай дайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Биыл Қазақстанның көптеген өңірлеріне толассыз жауған қардың көктемгі тасқын суына айналары алдын ала болжанған еді.  Елді мекендерді тасқын су басудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар ТЖК бөлімшелерімен бірлесіп, алдын алу шараларын өткізуде.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге Жамбыл облысында - 1100, Қарағанды облысында - 560, Оңтүстік Қазақстан облысында - 5700, жалпы ұзындығы 7360 метр уақытша бөгендер тұрғызылды; 33880 дана құм салынған қап жиналды және төселді, соның ішінде Ақмола облысында - 5880, Жамбыл - 920, Қарағанды - 8280, Павлодар - 3300, Оңтүстік Қазақстан облысында - 15500 қап; 233395 текше метр су сорылды, соның ішінде Ақмола облысында - 56664, Шығыс Қазақстан - 85321, Қарағанды - 687,5, Павлодар - 89724, Оңтүстік Қазақстан облысында - 998,5 текше метр.

 

Апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 165 адам, 41 техника, 13 су сору құрылғысы жұмылдырылды.

6 сәуір күні мұз кептелістерін болдырмау мақсатында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзенінде және Қостанай облысы Таран ауданындағы Аят өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі уақытта 6 автожол учаскесінде еріген қар суының құйылуы орын алған.

 

Қарағанды облысының Шет ауданында Шерубай-Нұра өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Шопа ауылына кірме жолдар арқылы су құйылды. Тұрғындармен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылда тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер бар. Елді мекенді су басу қаупі жоқ. Су құйылған аумақтарға жергілікті полиция қызметінің бекеттері қойылды.

 

Қарқаралы ауданында республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолында еріген қар суы деңгейінің көтерілуі салдарынан жол торабы арқылы су басып қалды. Ол аумаққа алдын алу белгілері орнатылды. Елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Көлік құралдарының қозғалысын бақылауды ЖПҚ жүзеге асырады. Ұзындығы 1000 м болатын бекіту белдіктерін орнату жұмыстары жүргізіліп, 1400 тонна қиыршық тас төселді.

 

Қарқаралы ауданындағы 1 автожол учаскесінде облыстық маңызы бар «Ынталы-Бесоба» жол торабын тасқын су шайып кетті. Жол қозғалысы 400 метрлік айналма жол арқылы жүргізілуде. Облыстың бұрын шайылған 5 автожол учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

 

Шет ауданында облыстық маңызы бар «Ақсу Аяулы - Қайрақты - Ағадыр - Мойынты» автожолының 20-шақырымындағы Жаман-Сарысу өзенінде су деңгейінің көтерілуінен автожол көпірінің тіреуіші жарылып, кейінірек қирады. Көлік қозғалысы шектелген және айналма жол арқылы жүзеге асырылуда. Жағдайды бақылау мен кезекшілік жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруда.

 

Павлодар облысы Баянауыл ауданында жергілікті маңызы бар «Жаңажол-Ескелді» автожолының 3 шақырымында еріген қар суы деңгейі көтеріліп, жол торабын басып қалды.  Автожол көлік қозғалысы үшін жабық, ал айналма жол Екібастұз қаласы арқылы жүргізіледі. Елді мекендерге еш қауіп төніп тұрған жоқ. ТЖД жедел-құтқару жасағы мен жергілікті атқарушы органдар жағдайды бақылау, кезекшілік жұмыстарын атқаруда.

 

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жергілікті маңыздағы «Шөлдала а. -Дорожник ЖК» автожолынан су өтіп жатыр. Көлік қозғалысы шектелген және айналма жол арқылы жүзеге асырылуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Кезекшілікті және жағдайды мониторинг жасау жұмысын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруда.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Ызакөл елді мекені маңындағы Арыс өзені суының көтерілуінен жергілікті маңызы бар «Ақтам-Шәмші» автожолын да су басып қалды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жол жабылды, жергілікті полиция қызметі бекет қойды. Ызакөл елді мекені арқылы айналма жолмен жүруге болады.

 

Сондай-ақ Боралдай өзенінің тасқын суы  Арыс өзеніне қосылып, судың ағысы секундына 243 текше метр  жылдамдықпен өткен. Салдарынан Ордабасы, Арыс, Отырар аудандарында судың деңгейі көтерілген. Бірақ нақты шараларды уақтылы қолға алып, бөгеттер жасаудың арқасында су тасу қаупі сейілген.  Қазірдің өзінде облыс аумағындағы өзен арналарында қажетті шаралар атқару, барлық өзен сулары мен су қоймалары қатаң бақылауға алып, мониторинг жасау жұмыстары жүргізілуде. Өңірде су басуы қаупі бар жерлерде қашыртқы каналдар мен арықтарды қоқыстардан тазалап, су өткізу қабілетін жоғарылату және су қоймаларында қауіпсіз режимді сақтау жұмыстары қолға алынып отыр.

null  

 Ақмола облысында Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра, Колутон және Жабай өзендеріндегі қар мөлшері әдеттегіден 1,2-1,9 есе көп, ал Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймаларына ағып келетін су әдеттегіден 1-1,9 есе көп. Сондықтан, Нұра, Жабай, Колутон, Есіл өзендерінің су деңгейі көтеріліп, арнасынан асуы да ғажап емес. Осы бағытта қомақты қаржы бөлініп, арықтар тазаланды, өзендер тереңдетіліп, жағалауы бекітілді, дамбылар жөнделді. 13 су өткізгіш нысаны салынды. Облыс қалалары мен аудандарының коммуналдық кәсіпорындары, қызметтері елді мекендер ішіндегі қарды сыртқа шығаруда.

null 

Көкшетау мен Степногорск қалалары және Бұланды, Ерейментау аудандарында 20,9 мың инерттік материалдар, 99,3 мың дана қап, 184,9 тонна жанар-жағармай, 16,7 тонна азық-түлік тағамдары дайындалған. Бірқатар аудандардың әкімдіктері инерттік материалдар, қап және жанар-жағармай сатып алу жұмысын жүргізуде.

null 

Алдағы су тасқыны шарасына 2588 адам мен 1220 техника дайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 5510 әскери бөлімшесі мен облыстық ішкі істер департаментінен 485 адам, 103 техника мен 5 қайық тарту жоспарланған. Облыс аумағындағы жағдайға қарай, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өзге өңірлердегі бөлімшелерінен 461 адам, 66 техника, 16 қайық әкелу межеленген. Көкшетау және Степногорск қалалары мен 17 аудандағы жергілікті атқарушы органның қаулысымен 345 азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымы құрылды. Құрылымның құрамына 3701 адам, 752 техника, құрамында 1452 адамы бар жедел қимылдайтын 20 отряд, 548 автокөлік, табиғи және техногендік төтенше жағдайдың салдарын жою үшін инженерлік және арнайы техникалар кіреді.

 null 

Алдымен, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Есіл, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында су тасқынын апатсыз өткізу мақсатында елді мекендер мен көлік коммуникациясы үшін су алу қаупі бар өзендерде мұз жару жұмысы жүргізілуде. Арнайы бригадалар көпірлер мен су өткізгіш нысандарының астын тазалауда. Облыс аумағындағы 114 гидротехникалық нысан бақылауға алынды. «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мәліметі бойынша облыс аумағындағы жағдайға мониторинг пен болжау жүргізу үшін 45 метеостанция, 29 гидробекеті, 8 көл гидробекеті, 21 агрометеобекеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, әкімдіктер күшімен және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерімен өзендердің қауіпті учаскелерінде судың деңгейін бақылайтын 90 қосымша бекет тәулік бойы кезекшілік жасауда.

 

 Ақтөбе қаласындағы су тасқынына қарсы штаб қазір ауылдық округтердегі ахуалды бақылап жүр. Қала маңындағы Кеңес Нокин, Қызылжар, Бекқұл баба ауылдарындағы жыраларды тазартып, аумағын кеңейту жұмыстары басталды. Осы арқылы су ағысының арнасын кеңейтіп, кедергілерді жою көзделген. Сондай-ақ  Ақтөбе  маңында Сазды, Қарғалы, Ақтөбе су қоймасы бар. Бұл жерлердің су қабылдау мүмкіндігі жоғары. Әзірге ешқандай қауіп жоқ. Суға кеткендер де тіркелмеді. Ал алдын алу жұмыстары жан-жақты жүріп жатыр

Бұған дейін хабарланғандай, республика аумағында тасқын су басқан тұрғын үйлер жоқ.

Сонымен бірге, Қазгидрометтің хабарлауынша, 13 сәуірге дейін Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында  күннің жылынуына байланысты қардың еруі күшейеді, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы ықтимал.

12 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауынан қар күрт еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі,  сең кептеліп, арнадан асқан судың сыртқа жайылуы күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар