Көктайғақ пен боран салдарынан бірқатар өңірдегі жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда қарлы бұрқасын мен көктайғаққа байланысты бірқатар өңірлерде жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды.

Астана қаласы бойынша сағат 14:44-те ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ) Астана-Көкшетау, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды бағыттарында қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. Ақмола облысы 4 желтоқсанда сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы 4 желтоқсанда сағат 14:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (жауын, көктайғақ) «Алматы-Өскемен» жолының 778-1 079 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. 4 желтоқсанда сағат 14:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (жауын, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» жолының 8-198  шақырымы аралығында рейстік автобустар мен жартылай тіркеме  және тіркемесі бар жүк көліктерінің барлығына қозғалыс тоқтатылды. 4 желтоқсанда сағат 15:45-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) барлық автокөлік түрлеріне облыстық маңызы бар Новотроицкое ауылына кіреберісі (0-22 км) жолы барлық көлік түрлеріне жабылды. 

Соңғы жаңалықтар