Көкшетаулықтар 2 жыл бұрын жер астына көмілген тасты қазып алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар осыдан 2 жыл бұрын жер астына көмілген тасты қазып алды. Қаланың символына айналған тасты жер астынан алып шығу оқиғасын əлеуметтік желі қолданушылар қызу талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың символына айналған тастың жоғалуына қатысты оқиға 2015 жылдың жазында орын алған болатын.

Сол кезде қаланың орталық көшелердің бірі - Абай атындағы даңғылда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы көшенің бойында орналасқан «Көкшетау» қонақ үйінің алдындағы алаңды абаттандыру кезінде мердігер фирма құрылысшылары кешкұрым «1824» датасы ойып жазылған алып тасты жерге көміп тастайды. Үстіне асфальт төсеп автотұраққа айналдырады. Бұл таста жазылған дата қаланың іргесі қаланған жылды білдіреді.

null  

Кейін оның аяқ асты жоғалып кетуіне байланысты тұрғындар түрлі пікір білдірді. Кейбірі қаланың символына айналған тасты сол тұрған жеріне көміп тастаған мердігер ұйым мен оған жол берген қала басшылығын сынға алса, енді бірі бұл шешімді дұрыс деп қолдады. Тіпті, жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары тастың айналасы радиацияға толы деген пікір айтты.

null 

Алайда, араға 2 жыл салып алып тас жердің бетіне шығарылды.  Оған əлеуметтік желіде тараған бейне жазба айқын дәлел. Əзірге тастың қайда қойылатыны белгісіз. 

Публикация от КОКШЕТАУ ЛЮДИ СОБЫТИЯ НОВОСТИ (@kokshevideogram) Окт 21 2017 в 1:56 PDT

Соңғы жаңалықтар